Меню KDT
МЕНЮ



Жаңалықтар

«Оқуға құштар мектеп» жобасы


        «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың алар оны ерекше болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстар тек оқу дағдыларын бекітіп қана қоймай, білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, ғылымның түрлі салаларымен таныстыруға, жаңа мамандықтарды білуге мүмкіндік береді, ойлауын, байқағыштығын дамытуға ықпал етеді.
        Отбасылық оқу –ұрпақтардың рухани байланысы (Отбасылық кітап оқу) 4-сынып отбасы мүшелеріне жанұялық оқу мәдениеті –білімді кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Обасылық оқу-ұрпақтардың рухани байланысы» атты отбасы оқулары іс-шарасы ұйымдастырылды.
        Кітап білімнің қайнар көзі. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті,кітап оқудан алатын әсері нағыз «отбасылық құндылық»  болып табылады. Отбасылар ата-әжемен бірге оқыған ертегілер,аңыздар баланың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, ой-өрісі кеңейетіндігі, кітап оқу кезінде баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы азық болатын рухани өшпесіз із қалдыратындығы жөнінде әңгіме болды.
        


10 просмотров
Добавлено: 29.04.2022 в 11:37
Қазақстан Республикасы Президенті
өту