Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №5191 болып енгізілді.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген
9 (10) сынып білім алушылары үш пәннен емтихан тапсырады
9 (10)-сынып |
Қорытынды бітіру емтихандары |
3 емтихан 1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазба жұмысы (эссе), гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазба жұмысы (мақала, әңгіме, эссе); 2) математика бойынша жазба жұмысы (алгебра); 3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан; |
Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады.
11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
9 (10) сынып бітірушілеріне "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
Математика (алгебра) пәні бойынша "2" және "5" деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.
9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.
11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.
Эссе қорытындысы бойынша орфография мен грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады.
Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.
Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.
Әкіш Жанат Егінбайқызы