Меню KDT


Жаңалықтар

Жазғы мектеп – білімді жетілдіріп, олқылықты толтыруға тамаша мүмкіндік...


Біздің «Қошке Кеменгерұлы атындағы №49 орта мектепте» 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылды.

Жазғы мектептің мақсаты – белсенді түрде оқушылардың білімін тереңдету. Жазғы мектепте білімді толықтыру бойынша оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жазғы мектеп – біліміңізді жетілдіріп, олқылықтарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Пандемия оқу үдерісіне жақсы әсер етпегенін және мектеп оқушыларының кей тақырыптарды толық меңгермегенін жақсы білеміз. Ал біз оқу жылын ұзартпай, жазғы мектеп ұйымдастырдық. Біз барлық оқушыларға жазғы мектептен қалмауға кеңес береміз.

Жазғы мектептерде сабақтар әдеттегі форматта өтпейді. Икемді оқу кестесі ұйымдастырылады, сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де ұйымдастырылады.

«Бұл ретте жазғы мектепте оқушыларға баға қойылмайтынын, сонымен қатар үй тапсырмасы берілмейтінін атап кеткен жөн. Жазғы уақыттағы оқу мүмкіндігінше қызықты әрі мазмұнды өту үшін барлық жағдай жасалады. Кейбір балалардың репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алатынын білеміз. Осы орайда жазғы мектеп біліміңізді шыңдап, олқылықтың орнын толтыруға да тамаша мүмкіндік. Оның үстіне мұғалімдер өз оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын жақсы білеміз.

Жазғы мектеп барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады. Дегенмен, түрлі жағдайларға байланысты жазғы мектепке қатысты соңғы шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздерінің өтініші бойынша оқытып жатырмыз .

 Бірақ бұл жерде бірінші кезекте баланың мүддесін, оның болашағын ойлау керек. Сондықтан, түпкілікті шешім ата-ананың қолында екеніне қарамастан, біз өз тарапымыздан жазғы мектепке баруға кеңес береміз. Өйткені бұл, ең алдымен, балаларға қажет.








27 просмотров
Добавлено: 30.05.2022 в 21:06
Қазақстан Республикасы Президенті
өту