Меню KDT


Мектепке қабылдау ережесі

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің ресми мәлімдеуінше,  бірінші сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.

2021-2022 оқу жылы бірінші сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатаып алады. Сонымен қатар педаготер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті және басқа да құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

?Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

?Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

?«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат

?3х4 көлеміндегі 2 фото.

❗Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

 

@edu_news_qz


Білім беру ұйымдарына egov.kz электрондық порталы арқылы 1-ші сыныпқа құжаттарды тіркеу







Қазақстан Республикасы Президенті
өту
Пайдалы сілтемелер