Меню KDT


Сабақты тоқтату параметрлері

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.
 
Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім мекемелерінде сабақты тоқтатудың параметрлері:
  • 1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес);
  • 1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
  • 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).
Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады:
  • «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ» арналарының жүгіртпе жолында, «Алма ТВ», Астанателеком «Digital ТВ» кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;
  • «Хабар», «Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» беріледі;
  • «Радио-Астана», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан «дауысты хабарлама» беріледі;
  • 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қонырау шалуға болады;
  • Астана қаласы әкімдігінің www. astana.gov.kz сайтында беріледі;
  • Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;
  • Ата-аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады. 
Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат көрсетілген уақытта беріледі. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.
 
 
Қазақстан Республикасы Президенті
өту
Пайдалы сілтемелер