Меню KDT


Бос орындар

Бос жұмыс орындарының тізімі

  • Конкурсқа қатысу ережесі

    Талаптар:

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

    1) Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

    10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

    • Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
    • Қағидаларда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
    • Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

     

    Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды кандидаттар ұсынуы тиіс:

    - 2022 жылғы 27 шілдеден 04 тамызға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде.

    Нұр-Сұлтан қаласы

    Байқоңыр ауданы

    Сарыадыр тұйығы 3

    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ.Кеменгерұлы атындағы №49 орта мектеп» КММ

     

     

    Конкурсты өткізу күні жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес белгіленеді.

     

    Конкурсты өту орны:

    Нұр-Сұлтан қаласы

    Байқоңыр ауданы

    Сарыадыр тұйығы 3

    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ.Кеменгерұлы атындағы №49 орта мектеп» КММ

     

    Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 (7172) 50-15-97 (қабылдау бөлімі)

    Байланыстар:

    8-7172-50-15-97

    Қосылған күні:

    27.07.2022
  • Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары

    Талаптар:

    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

    «Қ.Кеменгерұлы атындағы №49 орта мектеп» КММ-нің

    конкурстық комиссиясы 27.07.-04.08.22 ж. аралығында:

    директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары

    бос лауазымына үміткерге конкурс жариялайды.

    (1 ставка)

     

    Еңбекақысы 110606-150000 теңге аралығында.

     

    Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, демалыс – жексенбі

    Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Сарыадыр тұйығы 3.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары (конкурс ережесіне сәйкес) 04.08.2022ж. дейін мектепте қабылданады.

     

    Лауазымдық міндеттері:

    • оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
    • Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды.
    • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді.
    • Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады;
    • Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
    • Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
    • Пәндер бойынша мектеп ішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды.
    • Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасыз етеді.
    • Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сабақтарының кестесін жасайды.
    • Білім алушылар мен педагогтардың олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады.
    • Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады,ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді.
    • Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды.
    • Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады.
    • Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санатын беру (растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады.
    • Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша ұсыныс береді және жұмысты жалғастырады, баламалы оқулықтарды іске асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға өтінімді ұйымдастырады, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстар, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру.
    • Кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға жыл сайын өтінімді енгізеді.
    • Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
    • Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
    • Кері байланысты ұсына отырыппедагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды.
    • Оқу процесін жетілдіру бойынша тренингтер, оқыту семинарларын, оқу әдістемелік сағаттар өткізеді.
    • Педагогикалық кеңестің тәртібі мен материалдарын әзірлейді.
    • Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
    • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

    Білуге міндетті:

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат;
    • оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» санатының болуы.

    Байланыстар:

    8-7172-50-15-97

    Қосылған күні:

    27.07.2022
  • Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары

    Талаптар:

    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

    «Қ.Кеменгерұлы атындағы №49 орта мектеп» КММ-нің конкурстық комиссиясы 27.07.-04.08.22 ж. аралығында:

    директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары бос лауазымына үміткерге конкурс жариялайды.

    (1 ставка)

     

    Еңбекақысы 112606-160000 теңге аралығында.

     

    Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, демалыс – жексенбі

    Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Сарыадыр тұйығы 3.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары (конкурс ережесіне сәйкес) 04.08.2022ж. дейін мектепте қабылданады.

     

    Лауазымдық міндеттері:

    • Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді.
    • Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді.
    • Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды.
    • Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
    • Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
    • Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо», «колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді.
    • Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
    • Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
    • Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.

    Білуге міндетті:

           Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,  «Рухани жаңғыру», «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; соңғы 5 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;
    • оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы.

    Байланыстар:

    8-7172-50-15-97

    Қосылған күні:

    27.07.2022
  • Педагог-психолог

    Талаптар:

    Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

    «Қ.Кеменгерұлы атындағы №49 орта мектеп» КММ-нің

    конкурстық комиссиясы 27.07.-04.08.22 ж. аралығында:

    педагог-психолог бос лауазымына үміткерге конкурс жариялайды.

    (1 ставка)

     

    Еңбекақысы 70788-110000 теңге аралығында.

     

    Жұмыс уақыты: толық жұмыс күні, демалыс – жексенбі

    Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Сарыадыр тұйығы 3.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары (конкурс ережесіне сәйкес) 04.08.2022ж. дейін мектепте қабылданады.

     

    Лауазымдық міндеттері:

    • оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
    • Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
    • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).
    • Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.
    • Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.
    • Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.
    • Инклюзивті білім беру қағидасын дамытады.
    • Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады.
    • Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді.
    • Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.
    • Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.
    • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
    • Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.
    • Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.
    • Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
    • Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
    • Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
    • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
    • Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.
    • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

    Білуге міндетті:

    • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар мен жас ерекшелік әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматикасы, дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім беру және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактика, белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері, жеке және топтық консультацияның заманауи әдістері, баланың дамуын диагностикалау және түзету, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    • «Психология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
    • Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған кезде педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.

    Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

           1) «педагог» (санаты жоқ):

           педагог-психологқа қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы;

           қазіргі заманғы психологиялық әдістерді білуі;

          мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүзеге асыруы,

           балалардың эмоциялық саулығын, тиімді дамуын қамтамасыз етуі;

           білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы;

          педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық ағартуды жүзеге асыруы тиіс.

           2) «педагог-модератор»:

          «педагог» (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

           жеке-психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балалармен жұмысты жүзеге асыру;

           балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;

           ересектердің балалармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;

           әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;

          ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету.

          3) «педагог-сарапшы»:

          «педагог-модератор» санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

           әртүрлі бейінде және бағытта психологиялық диагностика жүргізу, балалармен жеке жұмысты жүзеге асыру;

          шығармашылық топқа басшылық ету, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;

           мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

          білім беру ұйымдары деңгейінде өзі және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау және тәлімгерлікті жүзеге асыру, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау.

          4) «педагог-зерттеуші»:

          «педагог-сарапшы» санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

           психологиялық тексеру мен диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу,

           психологиялық қорытынды жасауы және түзету жұмыстарын жүргізу;

           әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу; психологиялық - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибені енгізу; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтарға көмек көрсету;

          психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын конструктивті анықтау, Облыс / республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау.

           5) педагог-шебер:

          педагог-зерттеуші біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келу, сонымен қатар:

           облыстық, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға авторлық (бірлескен автор) құқығы бар, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

           тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде кәсіби қауымдастық желісін дамытуды жоспарлау,

           халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе халықаралық немесе республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

    Байланыстар:

    8-7172-50-15-97

    Қосылған күні:

    27.07.2022
Орналастырылған мұнда бос жұмыс орындары, сондай-ақ осы сайтында қол жетімді agartu.kz

Резюме қалдыру

Резюме
Қазақстан Республикасы Президенті
өту
Пайдалы сілтемелер